Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жұмысшы мамандықтары – ел дамуының іргетасы!»

Индер ауданы Көктем қазақ орта мектебінде жұмысшы мамандықтар жылына орай 9-10 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараға аталған мектептің түлектері – қазіргі таңда колледжде білім алып жатқан "Дәнекерлеу ісі" мамандығының ІІ курс студенті  Әділхан Жұбанғалимен "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының ІІІ курс студенті Жайнагүл Исатай қатысты.

Кездесудің мақсаты – колледжде білім алудың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы оқушыларға жан-жақты мағлұмат беру, жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру және әр оқушының өз қабілеті мен бейімділігіне сай дұрыс мамандық таңдауына бағыт-бағдар көрсету.

Шақырылған студенттер колледждегі оқу үдерісі, тәжірибелік білімнің маңыздылығы мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие маман иесі болу жолындағы мүмкіндіктер туралы кеңінен баяндап, колледж — тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар заманауи икемді дағдыларды қалыптастыратын маңызды орталық екенін атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT