Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖОЛДАУҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕЛЕР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ аймақтарды нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды алға тартқан болатын. Бұл ретте, аудан кітапханаларында оқырмандар үшін көрмелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, талқылаулар өтті.

Атап айтқанда, аудандық орталық кітапханада оқырмандарға арналған «Жаңа міндеттер – жаңа асулар» тақырыбында көрме жасақталып, көрмеге қойылған басылым беттеріне шолу жасалса, Бүйрек ауылдық кітапханасында ұйымдастырылған «Дамуға жетелейтін дара жол» тақырыбындағы кітап көрмесінде кітапханашы оқырмандарға Жолдауда көрсетілген басты бағыттардың маңыздылығын түсіндірді.

Ал, Қаттыкөл ауылдық кітапханасында Жолдаудың маңызын түсіндіру, берілген тапсырмаларды уақытында орындап, еліміздің дамуына өз үлестерін қосу мақсатында жасақталған «Жолдау – болашақтың бағдары» атты кітап көрмесінде пікірлерін ортаға салған оқырмандар халықтың әл-ауқатын арттыруға, медициналық қызмет көрсетуге бағытталған міндеттемелерге ризашылықтарын білдіріп, бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізсе, Жамбыл ауылдық кітапханасындағы «Әлеуметтік жаңарудың жаңа кезеңі» тақырыбындағы Жолдауды талқылауда Қаракөл мәдениет үйінің меңгерушісі Рәш Шмихова тақырып бойынша баяндама жасап, кітапханашы А.Сүлеймен, мәдениет үйінің қызметкері Е.Құрмашев пікірлерін білдірді.

Сағыз ауылдық кітапханасында Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау мақсатында жасақталған «Жолдаудың жарқын жолдары» атты кітап көрмесі, Сағыз ауылдық балалар кітапханасында «Бағыт – басым, мақсат – айқын» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда округтің бас маманы Нұралы Әбишан, мектеп директорлары, Сағыз бөлімшелік аурухананың бас дәрігері Ислам Қосжанов Президент жүктеген міндеттерді орындау бағытында пікірлерін білдіріп, кітапханашы көрмеге шолу жасады. Сондай-ақ, оқырмандар арасында Жолдаудың басым бағыттарын жеткізу, түсіндіру мақсатында Кенбай-1, Тасқұдық ауылдық кітапханаларында да «Елдігіміздің бірегей бетбұрысы», «Жолдау – ел ертеңінің бағдары» тақырыбында тұрақты көрмелер жасақталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521