Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ажалдан аман алып қалды

Адам өміріне араша болу батыл қадам.

Сол қадамды жасай білу үшін жүректе батылдық, өзіңе деген сеніммен қатар жұмысқа деген жауапкершілік жатқаны айтпаса да түсінікті. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз - Сағыз ауылындағы №12 Өрт сөндіру бекетінің қызметкері Есбол Таспанов. Ол жақында Сағыз ауылында болған өрт оқиғасынан бір адамды құтқарып қалды. Оқиға екінші қараша күні кешкі уақытта орын алған. Ауыл тұрғыны Қ.Қосжанов бөлімге хабарласып, №3 қазақ ауылы С.Көшелеков көшесіндегі үйдің бірінде өрт оқиғасы болып жатқанын хабарлайды.

Ал, Есбол Ізімбергенұлы ол кезде түнгі кезекшіліктен шығып үйінде демалып жатады. Оған өрт оқиғасына қатысты №12 өрт сөндіру бекетінің бастығы А.Хабдығалиев хабарлап, бекет қызметкерлері барғанша оның да сол жерге баруын сұрайды. Естіген бойда көршісінің көлігімен оқиға орнына бараса, үйдің ішін қою қара түтін басқан. Бірақ, жұмысына адал берілген ол үстіндегі үй киімі болғанына қарамастан аузына мата ұстап бір қолына жарықшаммен үйге кіреді. Ол кезде үй иесі Тәңірберген Бекболат Мұратұлы түтіннің иесіне әбден уланып, есінен танып қалған.

Оны дер кезінде байқаған Есбол Ізімбергенұлы алдымен барлық бөлмелерде адам жоқтығына көзін жеткізген соң, үй иесін далаға алып шығып, алғашқы көмек көрсетеді.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT