Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРДІ

Жақында жергілікті полиция қызметі бөлімшесі мен әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Х.Досмұхамедұлы, Б.Аманшин атындағы орта мектептерде, сондай-ақ, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясында, балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақат алуларының алдын алу және жаңа оқу жылының қарсаңында жасөспірімдер мен балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында Республика көлеміндегі «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында жергілікті полиция қызметкерлері оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан өту ережелері, жолда қауіпсіз жүру, жолда болуы мүмкін апаттардың алдын алу бағытында түсінік жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан бері елімізде жол-көлік оқиғалары ішінде жаяу жүргіншіні қағып кету апаты көптеп орын алуда. Ауыл арасында автокөлік саны күннен күнге артып жатқанын ескерсек, осындай қауіпсіздік ережелерін түсіндіру шараларының көп болғаны артық етпейді.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521