Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мүмкіндігі шектеулі балалар тегін демалады

22 қыркүйек күні «Мекен» демалыс орнында ерекше балалардың отбасылары үшін мерекелік шара ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Жомарт жүрек» конкурсы жеңімпаздарының қатысуымен өткен брифингте «Жыл меценаты» номинациясының жеңімпазы Айбар Жаниязов қайырымдылық шарасы туралы толығырақ айтып берді. - Біз аймақтағы кәсіпкерлермен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларды қуанту мақсатында демалыс ұйымдастыруды жөн көрдік. Балалар мен олардың ата-аналары жақсы тынығады деген ойдамыз. Сонымен қатар, қайырымдылық шарасы аясында біз осы балаларға арналған арнайы тренажер құралдарын сатып алуды жоспарлап отырмыз.

Алдағы уақытта да мұндай шараларды жүйелі түрде ұйымдастыратын боламыз, - деді Айбар Жаниязов.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT