Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҮШ ЖЫЛ САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ

Президенттің ел халқына арнаған Жолдауы расымен де көпшіліктің көңілінен шыққан маңызы зор саяси құжат болды.

Жолдауда қазіргі қоғамдағы қордаланған мәселелердің барлығы сөз етілді десек те болады. Бұған әсіресе, шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер ерекше қуануда. Себебі, президент өз Жолдауында: «Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырамын. Заңнамаға енгізілетін тиісті түзетулер 2020 жылдан бастап күшіне енуі керек. 2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді. Біз бизнестің адал әрі заңға сәйкес жүргізілетініне сенеміз. Бизнес өкілдері тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуы тиіс.»,-деп қадап айтты.

Шағын бизнес өкілдері үшін бұдан асқан қуаныш бар ма? Сөздің шыны керек, қазір жаңадан бизнес бастағысы келетіндердің ең басты мәселесі – салық төлеу және әкімшілік тексерулер болып отыр. Көп адам осы мәселеден қашып, бизнес бастауға тәуекел ете алмай жүргені жасырын емес. Соның салдарынан керемет идеялар мен тың бастамалар жүзеге аспай қалып жатыр. Енді ол олқылықтың орны толатын күн алыс емес. Өйткені, президенттің өзі шағын бизнес өкілдерін салықтан босатып 2020 жылдан бастап үш жыл бойы тексерулерге тиым салды. Бұған дейін елімізде кәсіпкерлер үшін түрлі жеңілдіктер жасалғанымен, бірақ, дәл осылай салықтан босату болған емес. Енді кәсіпкерлер осы мүмкіндікті пайдаланып өздерінің бизнестерін өркендетуді қолға алған жөн.

Алтынзер БАЙМҰРАТОВА,

аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521