Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жол құрылысы кезінде анықталған ақаулар жойылды

Жол құрылысы кезінде анықталған түрлі деңгейдегі ақауларды уақытылы жою күн тәртібінде тұрған маңызды мәселенің бірі.

«Көрінген кемшілік жол сапасына нұқсан келтірмеу керек. Ол үшін дер кезінде қалпына келтіру жұмыстары қолға алынуы тиіс»,- дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының  инженері Н.Жантурин.

Шілде -тамыз айларында  ұлттық сапа орталығының облыстық филиал өкілдері ұсынысымен қыс мезгілінде анықталған ақаулар жойылған. Мәселен, салынған жолдардан анықталған  9 мың метр кедір-бұдырлы беткі қабат қайтадан өңделген.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының  өкілдері жол құрылысы қарқын алатын жаз айларында, яғни екінші жарты жылдық басталғалы 72 нысанға 189 рет тексеріске шыққан.

Нәтижесінде 47 ақау анықтаған. Оның 17-сі өрескел. Ал, жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардан алынған 269 сынаманың 77-сі ҚР стандарттарына сәйкес келмеген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT