Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әңгімелесу сатысы бақылауда

Бос немесе уақытша бос лауазымдарға өткізілетін конкурстық комиссияның жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Осы ретте, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Абылайхан Наурызбаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдарда өткізілетін конкурстарға байқаушы ретінде жиі қатысатын тұлғалармен (мемлекеттік орган, БАҚ, қоғамдық бірлестік, бағынысты ұйымдардың өкілдері және өзге де тұлғалар) жиналыс өткізілді.

Аталған жиналыста комиссия отырыстарына формальді түрде қатысуды болдырмау мақсатында байқаушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, байқаушылар жадынамасы таныстырылды.

Байқаушылардан түскен сұрақтарға Қағида талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

Атап өту қажет, 2022 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша өткізілген конкурстарға байқаушы ретінде 44,7% мемлекеттік органдардың өкілдері, 21% уәкілетті органның қызметкерлері, ​ 34,3% өзге де тұлғалар қатысқан.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT