Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АСЫЛ ҚАЗЫНАДАН НӘР АЛҒАН ОТБАСЫЛАР

Кітап – тек білімнің емес, рухани байлықтың, ұлттың мәдени кодын сақтаушы құндылық. Ол – өткен мен болашақ арасындағы алтын көпір. Ұлт ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін кітап оқуға деген сүйіспеншілікті бала жастан қалыптастыру аса маңызды. Бұл күн – кітаптың қадірін арттырып, қоғамда оқу мәдениетін дәріптеуге арналған ерекше мүмкіндік. Ендеше, оны кеңінен насихаттай түссек керемет емес пе?!

Осыған орай, Ш.Еркінов атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі Аягөз Жоламанованың  ұйымдастыруымен «Үздік оқырман отбасы» байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты -  оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеп, кітап оқуға баулу. Отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болып, ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізу, олардың ақпараттық ағартушылығын ұйымдастыру.

Байқауға Ығылмановтар отбасы, Есалиевтер отбасы, Мұқановтар отбасы, Ибраевтар отбасы қатысып, төрт бөлім бойынша сынға түсті. Алғашқы бөлім «Қанеки, танысайық!» деп аталып,  отбасылық командалар өз-өздерін таныстырса, келесі «Әкем, анам бәріміз – оқырман жанұямыз» аталатын бөлімде әр команда оқыған кітаптары жайлы қысқаша әңгімелеп, алған әсерлері туралы өз пікірлерін ортаға салды. Ал «Интеллектуалдық ойын» сайысы бөлімінде әдеби кітаптардағы әңгімелерден үзінді оқылып, қатысушы кітаптың атауын және авторларын мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, әр команда шама шарқынша кітап туралы  4-8 жол өлең құрастырса,  «Жанұялық қызғушылық» бөлімде  командалар өз қалауы бойынша кез –келген жанрда өнер көрсетті. Осылайша, жоғары деңгейде өткен байқауда  ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізу ықпалы зор шара болды. Нәтижесінде,  Ибраевтар отбасы  - «Үздік оқырман отбасы», Ығылмановтар отбасы - «Өнерлі отбасы», Есалиевтер отбасы - «Ұшқыр ойлы отбасы», Мұқановтар отбасы - «Шығармашыл отбасы» номинацияларымен марапатталды.

Сайып келгенде, кітап – жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап – сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітап қана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай бергенге не жетсін!  

Назгүл НҰРТІЛЕСОВА,

Ш.Еркінов атындағы орта мектебінің

 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT