Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЕЛТОҚСАНШЫ БАҒДАГҮЛ АПАЙ

    Тәуелсіздік! Қайран бабалармыз осы сөзді естімей өмірден өтті. Олар өз өмірін отқа тастап, азаттық жолында не істемеді десеңізші?! Олар үшін өлімнен Отан қымбат болды. Ақыны да, батыры да Тәуелсіздік жолында қаза тапты.

    Сонау Жоңғар шапқыншылығы, Ресей патшалығынан көрген қорлық қаншама? Оның барлығын айта берсең біраз кітапқа жүк болады. Өз жерінде өздері еркін өмір сүре алмаған бұл халықтың ұлы - құл, қызы - күң болды. Халықты еріксіз пайдаланды. Жұмысқа жарамдысын алып, жарамсызын өлімге қиды. Осы қорлыққа төзе алмай, халқы үшін қарсы күрес ашқан қаншама батыр орынсыз айыпталып, кейбіреулері өлім жазасына да кесілген еді. Міне, осының барлығы отан үшін, ең бастысы ұрпаққа мұра болып қалу үшін жасалған қайырлы істер болатын. «Ұрпағым біз көргенді көрмесін, азап шекпесін» деп талай ақын, батырларымыз Тәуелсіздік жолында жанын да берді, қанын да төкті. Желтоқсанның қаһарлы күндері азаттық жолында күресіп, бастарын қауіпке тіккен жастардың ерлігі неге тұрады?! Осы бір желтоқсанның қантөгісінде халқының тыныштығы үшін қарсы күреске шыққандардың ішінде сонау Мәншүк пен Әлияның жолын қуған батыр қыздарымыз жетерлік. Солардың бірі – қайсар жүрек батыр қызымыз, өзіміздің жерлесіміз, ұстазымыз Бағдагүл Қайыңбай. Ол кісінің ерлігі көпке өнеге. Арман қуып қалаға оқуға барған қайсар қыз желтосақ оқиғасы кезінде жастармен бірге жендеттерге қасқайып қарсы тұрды. Көптің қолынан келе бермейтін батылдықты жасады. Осы орайда, азаттық жолында басын тәуекелге тіккен асылдарымызды тек желтоқсанда емес, күн сайын құрметтеу парызымыз. Өйткені, ол кісілердің көрген азабын біз көрмек түгілі елестете де алмаймыз. Сол қиындықтарды көрген желтоқсаншылардың өзі еске алса, көздеріне еріксіз жас алады. Міне, қаншама қиындықпен, қанмен келген бұл күн біз үшін үлкен қуаныш. Осы күнге жеткізген батыр аға-апаларымызға мың алғыс. Біздер енді өз алдымызда дербес мемлекет болдық. Бұл жерді бабалар ұрпақтарына аманат қылып қалдырды. Енді аманатқа қиянат жасамауымыз керек. Еліміздің тыныштығы үшін қолдан келгенді аянбауымыз керек. Кешегі қайсар батырлардың ұрпағы екеніміз рас болса, біз әлі Қазақстан деген тәуелсіз, дербес мемлекет бар екенін мойындатамыз. Сол үшін саналы ұрпақ болуымыз керек. Сөз соңында «Тәуелсіздік туы көгімізде қалықтасын Қалықтасын, мәңгілік шарықтасын Бабамыздың аңсағаны осы емес пе?! Жас ұрпақ көк туымнан шабыттансын» деген жырымды қосқым келеді. Елдігіміз тұғырлы һәм ғұмырлы болсын.

Ғайрелфанат МҰРАТОВА,

Миялы балалар өнер мектебінің ақындық сыныбының оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT