Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, аудандық мәслихат хатшысы 2022 жылдың 21 желтоқсаны күні сағат 1000де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында VІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 29-шы сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер: 1. Ауданда шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту мәселелерi туралы. Баяндамашы: З.Сарбуфеева- аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы. 2. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы. Баяндамашы: Қ.Сәлімгереева - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы 3. 2023-2025 жылдарға арналған Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы. Баяндамашы: Қ.Сәлімгереева - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2022 жылдың 21 желтоқсаны күні сағат 900-де өтеді. Өтетін орны: Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залы.
Қызылқоға аудандық мәслихаты