Жаз мезгілінде суға шомылу — ең сүйікті демалыс түрлерінің бірі. Алайда қауіпсіздік талаптарын елемеу ауыр қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.
Сіздерге судағы қауіпсіздік ережелерін ұсынамыз:
- Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз.
Арнайы жабдықталған жағажайларды таңдаңыз. Бейтаныс немесе шомылуға тыйым салынған жерлерден аулақ болыңыз.
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Балалар тек ересектердің бақылауымен суға түсуі керек.
- Мас күйде суға түспеңіз.
Алкоголь ішкеннен кейін суға түсу өмірге өте қауіпті.
- Қауіпсіздік құралдарын қолданыңыз.
Жүзуді білмейтіндер үшін арнайы құтқару кеудешелері мен шеңберлерді пайдаланыңыз.
- Суық немесе ағынды суға шомылмаңыз.
Судың температурасын және ағыстың күшін тексеріңіз. Ағындар мен су түбіндегі кедергілер қауіпті болуы мүмкін.
- Шаршаған кезде суға түспеңіз.
Әлсіздік пен шаршау суда қауіп төндіреді.
- Су ішінде бұзақылық жасамаңыз.
Өзге адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерден сақтаныңыз.
- Қайық пен басқа жүзу құралдарын қолданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
Есте сақтаңыз: өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі — өз қолыңызда!