Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Таяуда, «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы болып өтті.

Шара кезінде, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері мен ауылдық округтердің учаскелік полиция инспекторларының пунктеріне барлығы – 18 жасөспірім жеткізілді. Оларды бөлетін болсақ, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 127 бабы 3 бөлігіне сай, Миялы ауылдық округінен бір жасөспірім жүргізуші куәлігінсіз автокөлік айдап, әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекетін жасағаны бойынша, ата-анасының үстінен хаттама толтырылып, іс-құжаттары сотқа жолданса, заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүргені үшін 16 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарының үстінен Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 442 бабының 2 бөлігіне сай әкімшілік хаттама толтырылып, жазбаша ескерту берілді.

Жедел бөліністермен бірлесіп, рейдтік шаралар жүргізіліп, жайсыз отбасылар санаты бойынша есепке алынған 6 адам тұрғын үй-жайларынан 9 рет тексерілді және күндізгі, түнгі – рейдтік жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, мейрамханалар мен кафе-барлар, компьютерлік мекеме, сауда орындары, саябақтар, жастар парктері, аулалар, демалу орындары тексерілді. Жалпы, аудан көлемінде кәмелетке толмаған балалардың беймезгіл уақытқа дейін ата-ананың қарауынсыз көп жүретіндігін көруге болады. Бұл жерде ата-ананың балаға ықпалының төмендігі анық байқалады. Өз баласының уақытын шектемеу салдарынан құқық бұзушылық іс әрекетіне жол беріліп жатады. Әуел бастан «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген халқымыз, бүгінгі жастар еліміздің болашағы екендігіне өте мән беріп, баланы басынан тәрбиелей білген.

Ендеше, арты өкінішке ұрындармас үшін әр ата-ана өз балаларын қатаң түрде тәртіпке шақырып, заңсыздыққа жол бермеуге тәрбиелесе игі.

Мақсот АБАЙҰЛЫ,

ювенальдық полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны

Сурет: дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521