Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕДИАТОРДЫҢ КӨМЕГІМЕН БІТІМГЕ КЕЛДІ

Аудандық сотта, таяуда неке бұзу жөнінде екі азаматтық іс қаралды.

Істі сот талқылауына дайындау барысында, тараптардан сотқа дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді сұраған өтініштері түседі. Сотта, екі азаматтық іс бойынша да тараптардың өтініштері мен кәсіби емес медиатор Ө.Дүйсәлінің қатысуымен жасақталған келісімдері ұсынылды. Келісімнің шарттары бойынша талап қоюшылар, жауапкермен ішкі отбасылық мәселелерді шешу кезінде бір бірінің пікірін ескеруге және отбасын сақтап қалу мақсатында татуласып, неке бұзу туралы талаптан бас тартады, ал жауапкерлер талап қоюшыдан кешірім сұрап, онымен татуласып, ішкі отбасылық мәселелерді шешу кезінде бір бірінің пікірін ескеруге міндеттенген.

Осылайша, сот ұйғарымымен, тиісті келісім шарттары негізінде, неке бұзу талабынан бас тартқаны туралы келісімдер бекітіліп, екі азаматтық іс бойынша іс жүргізулері тоқтатылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521