Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бейсенбі күні аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев, аудан әкімінің орынбасарлары, Миялы ауылдық округі әкімі Қайырғали Базарбаев «Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы» атағын иеленген аналарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

b

Самиға Есқалиева, Күнжан Ахметова, Гүлсара Дәулетқалиева, Жаңыл Жұбаева, Балбибі Исжанова, Айман Тасжанова, Әминат Мұхитова және Жәния Ізбасқан сынды аналардың отбастарында болып, сыйлығын ұсынған аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев:

– Кезінде Сіздер ер азаматтармен бірдей денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, мәдениет, құқық қорғау салалары мен мемлекеттік қызметті атқарып, қоғамдық істерге белсене араластыңыздар. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруде еселі еңбек ете жүріп, өмірге ұрпақ әкелдіңіздер. Бүгінгі күні Сіздер тіршіліктің шырайын келтіріп, отбасының шырағын жаққан бақытты анасыздар. Сіздерге зор денсаулық, мерекелік көңіл-күй тілеймін, - деді.

mara

a

Ал, аудан басшысының үйлеріне арнайы келіп, мерекемен құттықтауы мерейлерін өсірген аналар өз кезегінде алғыстарын білдіріп, ел үшін атқарып жатқан қызметтеріне сәттілік тіледі. Бұл күні ауданға қарасты басқа да округтердегі ауданның Құрметті азаматы атағы бар аналарды округ әкімдері аудан әкімінің атынан құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521