Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жас сарбаздар ант қабылдады

Қазақстанның Тәуелсіз күні мерекесіне орай, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру аясында Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Білім басқармасының жетекшісі және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумның мақсаты өзара ынтымақтастықты орнату, жастарға жан-жақты әскери-патриоттық тәрбие беру, жастардың бастамаларын қолдау, бірлескен жобаларды әрі қарай іске асыру, сондай-ақ тараптардың бірлескен әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуы болып табылады. Қол қойылған меморандум шеңберінде бірлескен халықаралық форум, акция, жиын, семинарларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша тапсырмалар іске асырылатын болады. Одан басқа, тараптар өңірдің жалпы білім беру мекемелерінде әскери-патриоттық клубтарды, кадет сыныптарын құру мәселелерін пысықтайды.

Іс-шараның құрметті қонақтары Ауған соғысында өз борышын өтеген ардагерлер және ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, мектеп басшылары, алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары, әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әскери-патриоттық "Жас сарбаз" жасөспірімдер қозғалысы 2018 жылы қараша айында құрылып, тәрбиеленушілер үшін киім үлгісі таныстырылған болатын.

ҚР Қарулы Күштері қызметінің негізгі бағыттарының бірі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру болып табылады. Әскери-патриоттық клубтардың қабырғаларында оқытудан және шыңдаудан өткен, ал кейіннен әскерге шақырылған немесе әскери-оқу орындарына түскен жастар әскери өмірдің қырларын игеруде жоғары дағдыларға ие болып, әскери қызметтің жағдайына жеңіл бейімделеді. Салтанатты шара соңында «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушісі Жаңабай Нұртас барлық жасөспірімдердің атынан «Жас сарбаздың» антын қабылдады. Одан кейін барлық «Жас сарбаз» антын қабылдаған тәрбиенушілерге жеке куәлік пен әскери-патриоттық қозғалысы қатысушысының сертификаты табыс етілді.

Еске сала кетейік, Атырау облысы бойынша 15 «Жас сарбаз» сыныбы мен 20 «Смарт сарбаз» кабинеті өз қызметін жүзеге асыруда. Шара облыстық Н.Жантөрин атындағы филармония әртістерінің концертімен жалғасты.

Урбайза Абитова,

Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі

департаменті баспасөз қызметінің бастығы майор

87024637733 87074637733

Эл.почта Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT