Қазір нарықтық заман. Дегенмен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тың бастамалары көп көмегін тигізуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында да біраз мәселелерді тілге тиек етті.
Ол өз сөзінде:
-Балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды жобасы іске қосылды. 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды,-деген еді.
Иә, қазір жаңа туған сәбиге де 1 жыл емес, 1.5 жыл жәрдемақы төленеді. Одан бөлек, жыл сайын 100$ доллардан әр баламыздың қорына түсіп отыр. Қазір көзге көрінбегенімен, олар ЖОО-ға түсетін кезде көп көмегін тигізеді деп сенемін. Айта берсек, кем-кетік де, жарқын жобалар да табылады. Әйтсе де, билік пен бұқара біріксек, жарқын болашаққа нық қадам басарымыз сөзсіз.
Мариям Бозаева,
көп балалы ана