Тазалық-денсаулық кепілі. Қаламыздың тазалығы да көрік беріп, көз тартары анық. Өткен жылы еліміздің түкпір-түкпірінде сенбілік жұмыстары жасалған болатын.
Ол туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында да:
-«Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады,- деген еді.
Ауданымызда да бірқатар жұмыстар жасалды. Жыл бойына еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін сенбілікте белсенділік танып, қаламыздың көркеюіне елеулі үлес қосты. Келер жылы да бұл шаралар жалғасын тапса, жаман болмасы анық. "Тәні саудың- жаны сау" демекші, қаламыз таза болса, тұрғындардың да денсаулығы жақсы болары хақ.
Ерназ Алтайұлы