Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жалынды жастарға жол ашылады

Елдің ертеңі саналып, болашақтың іргетасын қалаушы жастар елімізде болып жатқан саяси оқиғалардан да тыс қалып көрген жоқ.

Ел ертеңіне бей-жай қарамайтын жастар қаңтар айында өтетін сайлауда да белсенділік танытады деп сенемін. Жастар осы жолы тек дауыс беріп қана қоймай өздері де кандидат есебінде саяси додаға түсе алады. Ол туралы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған үндеуінде айтты. Президент: «Келесі жылы өтетін сайлауда өзгерістер көп болады. Осы сайлаудан бастап партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде қарастырылып отыр. Және де бұл өзгеріс олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына өз септігін тигізеді» деген болатын.

Бұл жастарға берілген зор мүмкіндік. Сондай-ақ, сайлауға енгізілген бұл жаңалық жалынды жастарға ашылған даңғыл жол деп білемін. Сондықтан да барша жастарды осы сайлауға белсене қатысуға шақырамын. Бұл ел болашағын айқындайтын саяси дода болғандықтан бәріміз де қалыс қалмауымыз керек.

Нұрбол БИЖАНОВ,

аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз