Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үлкен өзгерістер күтеміз

Мемлекеттің болашағы мен дамуын айқындайтын іс-шаралардың бірі 10 қаңтар күні өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың сайлауы екені баршаға мәлім.

Бұл елімізді оң өзгерістерге бастайтын саяси науқан болмақ. Сайлау дүбірі естілісімен-ақ, саяси партиялар өз тізімдерін бекітіп, дайындықты бастап кетті. Қазірдің өзінде саяси додаға алты партия тіркеліп үлгерді. Бұл алдағы сайлау тартысты әрі бәсекеге толы болады деген сөз. Себебі, тіркелген партиялардың қай-қайсысының да құрамында елге белгілі, танымал тұлғалар бар. Бұйырса 10 желтоқсаннан бастап олар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, үгіт-насихат жұмыстарын бастайды. Саяси додаға кандидаттар білек түре кіріскен сәтте сайлаушылар да қапысыз қалмау керек. Әрқайсысының сайлауалды бағдарламасымен етене танысып, сенім артар тұлғаны таңдау қажет.

Себебі, мәжіліс және мәслихат депутаттары халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында шешім қабылдап, елдің мұңын билікке жеткізуші бірден-бір өкіл болып саналады. Сондықтан да болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болуы үшін лайықты кандидатты таңдауымыз керек. Сонда ғана елімізде үлкен өзгерістер орын алары анық.

Венера МЫРЗАҒАЛИ,

Мұқыр орта мектебінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521