Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі

Атырау қаласының әкімдігі мен қоғамдық көлікте жолақы төлеудің электронды жүйесін ұсынатын Onay компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған электронды төлем жүйесі қазір Алматы, Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш және Өскемен қалаларында табысты түрде қолданылып келеді.

Биыл Атырау қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан Onay компаниясымен құжат алмасу және келіссөздер жүргізіліп, электронды жүйені қала аумағында іске қосу жоспарланып отыр.

Осыған байланысты қаладағы мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында білім алатын балалар мен жастарға Onay картасын тегін тарату мақсатында оқушылар мен студенттердің деректері жиналуда. Компания өкілдерінің мәліметінше, барлық жеке ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылатын болады.

Алдағы уақытта өтініш білдірген азаматтарға Onay карталары тегін табысталады. Сонымен қатар, Атырау қаласындағы барлық қоғамдық көліктерге Onay валидаторлары орнатылып, қала орталығында карта сату пункттері мен қызмет көрсету орталығы ашылатын болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT