Жақында биылғы жылға арналған Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандарды волонтерлік іс-шараларға тарту бойынша бекітілген жоспарға сай Қызылқоға аудандық пробация қызметі тобы мен ауданымыздағы “Қазына” жеке кәсіпкерлігінің басшысы Гүлзат Валиева арасында өзара іс-қимыл жасау туралы меморандум жасақталып, қол қойылды.
Осы орайда, тараптардың өзара негізгі міндеттеріне сай, аудандық пробация қызметі тобының есебінде тұрған шартты сынақ мерзіміне сотталған азаматқа “Қазына” әсемдік салонынан ұсынылған қызмет шаш қию болатын. Осылайша ағымдағы жыл бойына айына 1(бір) рет ақысыз негізде қызмет көрсетуге бағытталған.
Бүгінгі көктемнің алғашқы күнінде, яғни “Алғыс айту” күніне орай әсемдік салонында аудандық пробация қызметі тобының есебінде тұрған азаматтың шашы қиылып, ақысыз қызмет көрсетілді. Осы ретте, шартты сынақ мерзіміне сотталған тұлға шаштараз маманы Гүлзат ханымға өзінің алғысын білдіріп, жыл бойына ай сайын бір мәрте келіп тұратынын айтты. Осындай игі шаралар арқылы сотталғандарды қоғамға қайта тәрбиелей отырып, адамдарға жақсылық жасауға ұмтылуға, қайырымдылықпен айналысуға, сондай-ақ, олардың қайталама қылмыс жасауының алдын алуға үлкен септігін тигізері анық.
Айдана Жубаниязова
Қызылқоға аудандық пробация қызметі тобының
аға инспекторы