Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ЗАҢСЫЗ АЛҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛА МА?

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте 118 996 атыраулықтың жәрдемақы алу үшін жолдаған өтініші мақұлданған,-деп хабарлады Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.​

"Төтенше жағдайға байланысты уақытша жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан тағайындалған 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне күні бүгінге дейін ​ Атырау бойынша 141 мың 037 адамнан өтініш келіп түссе, оның ішінде 118 996 адамға жәрдемақы тағайындалып, бүгінде 107 340 адамға толықтай жәрдемақы алып үлгерді. Egov порталы, Telegram бот арқылы өтінішті әлі күнге дейін жіберіп жатқан азаматтар да жетерлік. Сондай-ақ, "Жәрдемақыны заңсыз алғандар жауапкершілікке тартыла ма?" деген әлеуметтік желі арқылы келіп түскен сұраққа жауап берген спикер Серік Хамидолла жұмысы бола тұра, жәрдемақы алғандардың қаражатты мемлекетке кері қайтаруы әркімнің өз таңдауы екенін айтты.​ "42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы жұмыс жасап жүріп, ақысыз күнге кеткен ​ азаматтарға арналған. Ал, жұмысы бола тұра, алынған жәрдемақы алғандар қаржыны ​ Каspi.kz қосымшасы арқылы кері ​ қайтара алады. Қазіргі таңда төлемді кері қайтару мәселесі республика бойынша көтеріліп жатқан жоқ" деп нақтылады Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

​ Десе де, Атырау облысы бойынша ​ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Алмагүл Шатенованың айтуынша, қазіргі таңда аймақта 10 адам төленген жәрдемақыны әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы мемлекет қазынасына кері қайтарған.​

Атырау облысы бойынша

Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521