Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт және одан да көп балалары бар, көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

Бұл Мемлекет басшысының 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша әзірленген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік жәрдемақы төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде күндізгі оқу нысанында оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар көп балалы отбасылардың табысына қарамастан төленеді. Мөлшері балалардың санына байланысты сараланған. Айталық, төрт баласы бар отбасылар – 42 496 теңге (16,03 АЕК), 5 балаға – 53 127 теңге (20,04 АЕК), 6 балаға – 63 757 теңге (24,05 АЕК), жеті және одан да көп баласы бар отбасылар 74 388 теңге (28,06 АЕК) төленеді. Атырау облысы бойынша бұл жәрдемақыны 18215 отбасы алады.

Биылдан бастан Қазақстан Республикасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы жүзеге асырылып, әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуі, әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен еңбек өтілінің арасындағы өзара байланыс қарастырылып, еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі қайта қаралды. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмаларын іске асыру барысында жаңа нұсқада әзірленіп дайындалды. Заңның негізгі мақсаты - еңбек өтілі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейтіп, биылғы жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшерінің орташа есеппен 30 пайызға өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін еңбек өтілі 5 жылдан асатын алушыларға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті қайта қаралды. Бұл коэффициент әлеуметтік төлемдердің үш түріне: асыраушысынан айырылу, еңбек ету қабілетінен айырылу, жұмысынан айрылуы бойынша жағдайларда әлеуметтік төлемдердің мөлшерін анықтау кезінде қолданылады.

Осыған байланысты, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 5 жылдан артық әрбір толық жыл үшін коэффициент 2 пайызға артады. Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында медициналық-әлеуметтік сараптамасы нақты белгілеген еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін (30%-дан 100%-ға дейін) ескере отырып, еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері айқындалады. Егер 2020 жылға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айырылғанда орташа коэффициенттер қолданылған болса, енді жаңа механизм бойынша еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 65 пайызға белгіленген кезде коэффициенті 0,65 болады, 80 пайыз - 0,8, 100 пайыз - 1,0 тиісінше. Асыраушысынан айырылған отбасылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін асырауындағылар санының коэффициенттерін өзгерту жолымен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арттырылды. Мысалы, асырауында біреу болса 40 пайыздан 50 пайызға, екеу болса 50 пайыздан 65 пайызға, үшеу болса 60 пайыздан 80 пайызға, төрт және одан көп болса 80 пайыздан 100 пайызға дейін төленеді. Сонымен қатар, жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі қайта қаралды.

Атап айтқанда, табысты ауыстыру коэффициенті 30 пайыздан 40 пайызға көтерілсе, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемнің ұзақтығы төрт айдан алты айға дейін ұлғайтылды. Осыған байланысты, әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері жаңа тағайындалғандар мен бұрын тайындалғандардың арасында алшақтыққа жол бермеу мақсатында, әлеуметтік төлемдерге қатысты жаңа тәртіптерді қолдана отырып, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша бұрын тағайындалған әлеуметтік төлемдерге бір жолғы рет қайта есеп жүргізілді. Жалпы Заңдағы жаңа өзгерістер еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылу сынды әлеуметтік тәуекелдердің үш түрі бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 30 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес, елімізде 1 қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар өсті. Мысалы, зейнетақы жеті пайызға, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бес пайызға, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 651 теңгеге, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 31 183 теңгеге, ең төменгі зейнетақы (2020 жылы тағайындау үшін) – 38 636 теңгеге өсірілсе, жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 еселенген АЕК (121 946 теңге) аспауы тиіс. Сол сияқты, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) көтерілуіне байланысты өсірілсе, ең төменгі базалық зейнетақы – 16 839 теңге, ең жоғары базалық зейнетақы (еңбек өтілі 33 жыл және одан да көп ) – 31 183 теңге, мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) өзгеруіне, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың (АМЖ) және мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың (№1 және №2 тізім бойынша) мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеруіне байланысты және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілеті мен асыраушысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдер бес-бес пайыздан көбейді. Баланың туылуына байланысты төленетін біржолғы жәрдемақы да өсті. Мәселен,бірінші, екінші және үшінші балаға - 100 738 теңге (38 АЕК), төртінші балаға - 167 013 теңге (63 АЕК). Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне төленетін жәрдемақылар бірінші балаға - 15 270 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға - 18 054 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға - 20 811 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға - 23 594 теңге (8,9 АЕК) болды. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 16 967 теңгені (6,4 АЕК) құрады.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша банкрот салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан азаматтарына төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін биылғы жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған ай сайынғы төлемдердің (регресстік төлемдердің) мөлшері де пайызға көтерілді.

Жанар АСАНҒАЛИЕВА,

«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру

бойынша Қызылқоға аудандық бөлімінің басшысы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT