Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖӘРДЕМАҚЫ ОТБАСЫ ТАБЫСЫНА ҚАРАМАЙ ТӨЛЕНЕДІ

Атаулы әлеуметтік көмек – негізінен жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен жеке адамдарға мемлекет тарапынан берілетін төлем.

Биылғы жылы белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 698 теңге болса, оның 70 пайызы 20 789 теңге. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері отбасының ересек мүшелеріне жан басына шаққандағы орташа табыс пен 20 789 теңге арасындағы айырма ретінде төленсе, кәмелетке толмаған балаларына және күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын 23 жасқа дейінгі балаларына әрқайсысына 20 789 теңге мөлшерінде төленеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың тетігін түзетуді және аз қамтылған отбасылар тарапынан балаларға қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ендіруді тапсырған болатын.

Бұл ретте, келесі жылдан бастап көпбалалы, яғни 4 баладан жоғары балалары бар отбасыларға отбасы табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленетін болды. Яғни, 4 балаға 42 500 теңге төленсе, 5 балаға 53 125 теңге, 6 балаға 63 750 теңге, 7 балаға 73 375 теңге беріледі. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек бұрынғыша күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен табысы бар отбасыларға да төленетін болады.

АӘК бұрын әр балаға 20789 теңгеден тағайындалса, енді отбасының әр мүшесіне жан басына шаққанда орташа табыс пен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы арасындағы айырма ретінде төленіп, аз қамтылған отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі.

Болат САЛЫҚОВ,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар

және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521