Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Денсаулық саласына ерекше қамқорлық

Денсаулық саласы қашанда мемлекет бақылауында болып, Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында ерекше басымдылық беріледі.

Биылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету керектігін баса айтты. Сондай-ақ, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады.

Әрқайсысыңызға мына нәрсені айтқым келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған деген Президент бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша қаржы бөлу жөнінде тапсырма берді. Медицина саласына жасалып жатқан бұл қамқорлықтың барлығы халық денсаулығын жақсарту үшін жасалған нақты қадамдар.

Осы орайда, медицина саласының қызметкерлері тынымсыз еңбек етіп, Жолдауға қолдау білдіреді.

Балбибі ИСЖАНОВА,

аудандық орталық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521