Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Халық оң өзгерістерді сезінуі тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері туралы айтты.

Сондай-ақ, Президент ең алдымен ел-халықты толғандыратын мәселелердің шешімін табуға, әлеуметтік ахуалды жақсартуға байланысты жоспар әзірлеу қажеттігіне назар аударды.

Ең бастысы халық оң өзгерістерді сезінуі тиіс екендігін айтқан Мемлекет басшысы, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға алдыңғы кезекте баспана беру қажеттігі жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Шынында да, жыл сайын мыңдаған отбасыны баспанамен қамтып, жағдайын жасау ел тізгінін ұстаған азаматтардың парызы болуы тиіс. Бұл құптарлық жағдай. Себебі, алдымен ана мен бала бақытты болған жағдайда еліміз көркейіп, гүлденеді. Сондықтан барынша қамқорлық танытқан ел Президентінің бастамасына қолдау білдіріп, Жолдауда айтылған әрбір тапсырманың орындалуына септігімізді тигізейік. Ұлы Абайдың алтыншы қара сөзінде айтқан «Бірлік – ақылға бірлік» деген сөзін келтірген Қасым Жомарт Тоқаев:

«Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін» - деді.

«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістікке жетуі тиіс.

Елемес ДАБЫС,

Жантерек ауылы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521