Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиядағы №145 учаскелік референдум комиссиясына сағат 7.00-де отбасымен келіп, дауысын берген ардагер ұстаз Өтеуғали Дүйсәлі өзгелерге үлгі болды.
Сондай-ақ, ауыл тұрғыны Талғат Орақов та отбасымен дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Жалпы аталмыш учаскелік референдум комиссиясына тіркелген 1292 адамның 13-і бірінші рет дауыс берушілердің қатарында. Әзірге денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге екі өтініш келіп тұр. Өтініш күндізгі сағат 12.00-ге дейін қабылданады. Референдумның өту барысын түрлі партия мен қоғамдыдың бірлестіктерден келген үш байқаушы қадағалап отыр.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ