Тасшағыл орта мектебінде орналасқан №149 учаскелік референдум комиссиясы да өз жұмысын уақытында бастады. Мұнда референдумға қатысатын 1022 адам бар.
Оның 64-і Қоғам және Қоныстану елді мекенінде тұрады. Өтініштері бойынша оларға сайлау жәшігі апарылып, дауыстары алынады. Ал, Тасшағыл ауылында үйден дауыс беруге 41 адамның өтініші түсіп тұр. Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Беркінғали Бердешовтің айтуынша, еліміз үшін маңызды күнде әркім өз таңдауын жасап жатыр. Мұнда әр адамның дауысы маңызды болғандықтан референдумнан ешкім қалыс қалмауы тиіс. Әсіресе, жастар белсенді болуы керек. Өйткені мұның барлығы жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалуда.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ