Сағыз ауылындағы «Шұғыла» мәдениет үйінде орналасқан №155 учаскелік референдум комиссиясына да таңдау жасаушылар таңмен таласа келуде.
Солардың бірі – ерлі-зайыпты Ақниет, Ғафура Жанбосыновтар. Бірі спорт, бірі мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп, бүгінде зейнеткер болып отырған олар бұған дейін де ешбір саяси науқаннан қалған емес. Учаскеде өз таңдауын жасаған Ақниет Жанбосынов:
– Осыдан екі жыл бұрын да референдумға қатысып, дауыс берген едік. Бүгін тағы да келіп, таңдау жасадық. Жалпы референдум деген өз көзқарасыңды білдіру ғой. Осы елде тұрып, ауасын жұтып, суын ішіп отырғандықтан мұндай саяси науқаннан тыс қалмаған жөн, - дейді.
Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН