Былтырғы жылдың он екі айында аудан бойынша 3031 зейнеткерге 2 миллиард 619 миллион 799 мың теңге жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақы есептеліп төленді.
Оның ішінде, жыл бойына зейнет жасына толған 138 адамға жасына байланысты зейнетақы жаңадан тағайындалды. Ал, биылғы жылы жасына байланысты ынтымақты зейнетақы 7 пайызға, жәрдемақылар 5 пайызға өсірілді. Жыл бойына 16 жасқа дейінгі бала жастан және 1,2,3 топ мүгедектік белгіленген барлығы 959 адамға 435 миллион 796 мың теңге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленді. Алғаш рет мүгедектік топ белгіленген 88 адамға, 315 асыраушысынан айырылған отбасына 148 миллион 876 мың теңге мемлекеттік әлеуметтік және былтырғы жылы 25 асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақылар жаңадан тағайындалды.
Сондай-ақ, 2018 жылдың бірінші қаңтарына дейін тағайындалған 18 жасқа дейін 4 және оданда көп баласы бар көп балалы 658 отбасына айлық мөлшері 10504 теңгеден келетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 12 айға 90 миллион 921 мың теңге есептеліп төленді. Аталған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны жаңадан тағайындау 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап тоқтатылған болатын. Алайда, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға » жаңа мөлшерде төлене бастады.
Мәселен, 4 баласы бар отбасыларға 42496 теңге (16,03 АЕК ), 5 баласы бар отбасыларға 53127 теңге (20,04 АЕК ), 6 баласы бар отбасыларға 63757 теңге (24,05 АЕК), жеті және одан да көп баласы бар отбасыларға 74388 теңге (28,06 АЕК ) табыс көзіне қарамастан төленетін болады. Аудан бойынша бұндай жәрдемақы тағайындалған отбасы күні бүгінге мың бірді құрап отыр. Аталған жәрдемақыға жоғары, орта оқу орнында күндізгі бөлімде оқитын жасы он сегізден асқан, бірақ, шекті жасы 23-тен аспайтын балалары есепке алынады. «Алтын , Күміс алқа» иегері және «Батыр ана» атағы бар 1164 анаға бір айлық мөлшері 16160 теңгеден келетін мемлекеттік жәрдемақы былтырғы жылдың он екі айында 209 миллион 353 мың теңге төленсе, былтырғы жылы алғаш рет «Алтын, Күміс алқа» иегері болып атанған 17 анаға жаңадан 16160 теңгеден мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.
Сол сияқты, былтырғы жылы өмірге сәби әкелген 701 анаға, бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы 73 миллион 913 мың теңге төленсе, оның мөлшері кезектілігі бірден үшінші аралығында сәби болса айлық есептік көрсеткіштің 38 еселенген мөлшері 95950 теңге, ал 4-ші және одан да жоғары болса 63 еселенген АЕК-159075 теңге. 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедек балалар мен 18 жастан асқан бірінші топ бала жастан мүгедек жанды үйден бағып күткені үшін қамқоршысына ай сайын 41578 теңгеден бір жылда 69 миллион 773 мың теңге жәрдемақы 157 адамға төленді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан есептелетін еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жұмысынан айырылу жағдайы, жүктілігіне және босануына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер, барлығы 688 адамға 316 миллион 567 мың теңге, қайтыс болған 131 адамға 39643 теңгеден келетін барлығы 5 миллион 193 мың теңге жерлеу қаражаты төленді.
Жанар АСАНҒАЛИЕВА,
аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы