Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КҮЛДІҢ ҚАУІПТІЛІГІ НЕДЕ?

Күл - бұл өте жіті өтетін жұқпалы вирусты індет.

Оның денесіне, терісіне және кілегей қабықтары қызарып, бөрткен жаралар пайда болады. Қазіргі уақытта оның жүз шақты түрі кездеседі, ал түйенің күлі бұлардан өзгеше. Онымен тек түйе ғана ауырады. Қоздырғышы Поксвиридин дүниесінің Хордопоксвиридии тобының алты жұбына топталған. Вирус ауру түйенің терісі мен кілегей қабықтарына шыққан бөртпе және күлдіреуік ішінде кездеседі. Сондай-ақ ауру түйенің сілекейінде, түлеп түскен сірі қабық клеткаларында да болады.

Зарарсыздандырғыш заттардың ең тиімдісі – 2 – 5 пайыздық күйдіргіш натрийдің, калийдің, күкірт қышқылының, құрамында 6 пайыздық мөлшерде хлоры бар хлорлы әктің және құрамында үш пайыздық хлоры бар гипохлорит кальцийдің ерітінділері. Күл індеті көбінесе ауруға шалдыққан түйе, оның өлекселері, түйеден түскен шикізаттар (тері,жүн) вируспен ластанған азық,төсеніш, суат, қора, түйе күтуге арналған құрал-жабдықтар, жайылым, жол және тағы басқа арқылы таралады. Сондай-ақ, індет түйешілерердің киім-кешектері арқылы да тасымалдануы мүмкін. Түйенің күл ауруы өте жұқпалы және тез арада бүкіл елге тарап, ауру эпизоотия түрінде өршиді. Көбінесе бұл індет ауырып жазылған түйелердің көпке дейін сыртқы ортаға вирус таратуы салдарынан-ақ шыға береді. Түйе организміне әртүрлі жолдармен енген вирус әуелі тері және кілегей қабық қабаттарына өніп-өседі. Аурудың ауыр не жеңіл түрде өтуі түйе организмінің індетке төтеп беру қабілетіне және ауру қоздырғышының уыттылығына байланысты. Жалпы, күл ауруының өсуі бірнеше сатыға бөлінеді.

Айталық, эпителий қабатының қызарып, бөртуі бір-екі күнге созылса, қызарып бөрткен жерлердің түйіршікке (папулаға) айналуы 1-3 күнге созылады. Ал, түйіршіктердің күлдіреуікке (везикулаға) айналуы сатысында олардың іші сары суға толады. Бұл 5-6 күнге созылады. Малдың денесінің қызуы қалыпқа түсіп, жалпы күйі жақсарады. Іріңдеу сатысында күлдіреуіктердің іші іріңге толып пустуллаға айналып, үш күнге созылса, қабыршақтану сатысында жарылып кеткен күлдіреуіктер қабыршақтанады да 5-6 күннен кейін түсіп қалады. Олардың орны қызылшақа жараға айналып, тыртық болып бітеді, орнына жаңадан эпителий клеткалары пайда болады. Күлдің инкубациялық кезеңі 3-14 күн. Түйенің күл індеті жетілмеген және жұптасқан болып екі түрде өтеді. Күлдің жетілмеген түрімен көбінесе 2 жастан 4 жасқа дейінгі түйелер ауырады.

Аурудың бұл түрінде өзгерістер тек түйенің аузы, еріні мен танауындағы кілегей қабық пен теріде ғана болады. Күлдің тұтасқан түрімен 1 жасқа дейінгі жас боталар мен інгендер ауырады. Әуелі ауырған түйе денесінің қызуы 39- 410с –қа дейін көтеріледі, жүрек -қан айналуы жүйесі әлсірейді, танауы мен аузының кілегей қабықтары қанталайды. Көзінің кілегей қабығы ісініп, кейде көздің сірі қабықшасы тұманданып, көруі нашарлайды. Күл ауруының ұзақтығы (бірінші қызамықтанып бөрткеннен кейін, яғни алғашқы клиникалық белгілері білінгеннен бастап соңғы қабыршақтанып түскенге дейінгі мерзімі) -15-40 күн. Түйе күлін клиникалық-эпизоотологиялық мәліметтер, патоанатомиялық өзгерістер және лабораториялық тексерулердің нәтижелері бойынша анықтайды. Күлге шалдыққан түйелерді оқшаулап, азық сапасын жақсартқан жөн.

Емдеу шаралары аурудың негізгі белгілеріне сай қолданылады. Терідегі қабыршақтанған күлдіреуіктерді глицерин майымен жұмсартады, уытты жараларды йод ерітіндісімен, не болмаса 3-5 пайыз бор қышқылының ерітіндісімен, хлорамин және басқа антисептикалық сұйық заттармен де емдеуге болады. Танау мен ауыздың жарақаттанған жерлерін жылы сумен жуып-шаяды. Осы мақсатта үш пайыздық сутегінің асқын тотығын, 1:100 қатынастағы марганец қышқылды калий ерітіндісін, 2-3 пайыздық бор қышқылы ерітіндіні пайдалануға болады. Түйе шаруашылықтарында күл ауруын болдырмау үшін сырттан әкелінген малды бір ай карантинге қояды. Індет білінген шаруашылықтардан шөп тасымалдауға тыйым салынады. Шаруашылықтағы түйелердің арасында күл ауруы байқалса, онда барлық түйелер тексеруден өткізіліп, содан кейін олар екі топқа бөлінеді. Ауруға шалдыққан немесе ауырады-ау деген күдігі бар түйелерді бір топқа оқшаулап, емдейді. Ал сау түйелер бөлек қораға кіргізіліп, бөлек өріске жайылады. Күл ауруына қарсы қолданылатын арнаулы вакцинамен егіледі. Түйенің күл ауруы Маңғыстау облысында тіркелуде.

Сондықтан аудан аумағына ол жақтан келетін көліктерге, оның ішінде мал тасымалымен айналысатын көліктер малды түсіргеннен кейін автокөлік қорабын тазалап (төсеніш) залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Ауданға тасымалданып әкелінген малдарды жергілікті ветеринариялық дәрігерлер арқылы, клиникалық тексеруден өткізіп, карантинге қойып, жұқпалы аурулардан таза екендігіне көз жеткізу қажет. Сонымен қатар, аудан тұрғындары жеке малдарын (түйе, жылқы, ірі қара, қой-ешкі) сырғалау немесе таңбалау арқылы бірдейлендіру номерін алып, дерекқорға енгізілуі керек. Бұл алдағы уақытта, осы ауруға қарсы жоспарлы екпе жұмыстарын жүргізуге қарсы вакциналарды алу үшін қажет.

Төлеген САЛЫҚ,

аудандық аумақтық инспекция бас маманы

сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521