Конституциясы жаңа жобасының 20-бабында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға тыйым салынатыны айқындалған.
Бұл норма әрбір азаматтың тұлғалық тұтастығы мен жеке өміріне қол сұғылмауын қамтамасыз етеді. Азаптау – адамның конституциялық құқықтарының елеулі бұзылуына әкеп соқтыратын әрекет. Сондықтан ар-намысқа нұқсан келтіргені үшін заңды жауапкершілік қарастырылған. Аталмыш бапқа сәйкес құқық қорғау органдары азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, азаптаулардың алдын алуды қадағалайды.
Нұржан АҚҚАЛИ,
Қарабау ауылының тұрғыны




