Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Заманауи саяси-құқықтық өлшем

«Астана» халықаралық университетінің ZER Club сарапшылар клу­бы «Референдум 2022: қазіргі заманғы саяси-құқықтық өлшем және жаңа Қазақстанды құру» атты дөңгелек үстел өт­кізді.

Өздеріңізге мәлім, 5 маусымда Конституцияға түзетулер ен­гі­зу бойынша рес­пуб­ли­­ка­лық референдум өтеді. Осы­ған байланысты сарапшылар Ата Заңға енгізілетін өзгеріс­тер­дің маңызын талқылады. Атап айт­қанда, құқық үстем­дігі, демок­ратиялық процес­тер­ді күшейту, билікті бөлу тура­лы өзгерістер мен толық­ты­ру­лардың мәні мен мағынасын жан-жақты әңгімеледі.

ZER Club сарапшылар клу­бы­ның отырысына белгілі қа­зақ­стандық ғалымдар қатыс­ты. Отырыстың модераторы ретінде Еуропалық құқық және адам құқықтары бойынша с­а­рап­­тамалық институттың ди­рек­торы Марат Башимов сөз сөйлеп, референдумға енгі­зі­ле­тін өзгерістер төңірегінде пі­кі­рі­мен бөлісті.

Спикердің айтуынша, қо­ғам­да, оның ішінде еңбек ұжым­да­рында ашық пікір алмасу, түсіндіру жұмыстары қар­қынды жүргізілуі қажет. «Аза­мат­тар мемлекеттік билікті атқа­руға және де өздерінің құқық­тары мен бостандықтарын қорғау мақсатында беріліп отыр­ған мүмкіндіктердің мәнін терең түсіне отырып, рефе­рен­дум­ға белсене қатысады деп сенемін», деді ол.

Сонымен қатар жиынға Қазақстан­ Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғы­­лым­дарының докторы, Ас­тана ха­лық­аралық универ­си­те­­тінің Құқық жоғары мек­те­бінің профессоры Исидор Борчашвили, «Интеллект Орда» әлеуметтік-гуманитарлық зерт­теулерді интег­рациялау халық­ара­лық инсти­ту­тының директоры, тарих ғы­лым­дарының докторы, профессор, академик Саттар Мажитов қатыс­ты.

Бұдан бөлек жиын барысында Варшава университетінің профессоры Яцек Залесны, Пяти­горск мемлекеттік универ­си­теті заң институтының директоры Людмила Тхабисимова секіл­ді шетелдік сарапшылар да өз пі­кірін ортаға салды.

Айта кетейік, ZER Club сарапшылар клубы отырысының мақ­саты – еліміздің саяси жүйе­сін кешенді жаңғырту бойынша пікір алмасу.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521