Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Саяси реформа несімен құнды?

Еліміздегі бүкілхалықтық референдумның өтуіне санаулы күндер қалды. Референдум – керекті іс-шара, халықтың үніне құлақ асып, пікірін ескеру мәселесі. Халықаралық тәжірибеде бар іс-шара. Конституциялық өзгерістер енгізу үшін референдум қажет.

Өзгерістер кім үшін, не үшін керек? Ең алдымен жаңа қоғам жастарға керек, себебі болашақ солардікі. Енді мемлекет күрделі мәселелерді билікпен ақылдаса, кеңесе отырып, алдымен халықтың өзі белсенділік танытып, дұрыс шешуге атсалысулары тиіс.

Енді мына мәселеге келейік. Жаң­ғыр­ған Конституцияда қандай өз­ге­рістер болады? Саяси реформа несімен құнды? Бұл өзгерістерді ха­лық біле ме? Байқауымызша, халықтың біразы Ата Заң баптарында қандай ерекшеліктердің бар екенін біле бермейді. Ендігі жерде соған назар аударып, жаңадан қандай баптардың қосылғанына көңіл бөлу керек.

Айталық, адам құқықтарына қа­тыс­ты өзгерістер тәртібі бар. Сондай-ақ өтпелі кезеңнің тәртібі мен жолдары секілді баптар қосылды. Бұ­рынғы Конституцияда 97 бап болғаны белгілі. Ал жаңа Ата Заңда ол 99 бап болады. Сонымен қатар өзгерістер енгізілген Конституцияда жер жəне оның қой­науы, су көздері, өсімдіктер мен жануар­лар дүниесі, басқа да таби­ғи ресурстар халыққа тиесілі еке­ні ай­тыл­ған.

Ендігі жерде Пре­зи­дент бұл лауазымға белгіленген мер­­з­ім бойынша екі рет қана сайлана ала­ды. Билігі шексіз суперпрезидент деген болмайды. Жаңарған Конституцияның бап­тарына сәйкес бұдан былай Мем­ле­кет басшысының келісімімен кез келген лауазымды қызметке тағайындауға кем дегенде екі адам ұсынылады. Халық алдына келген лауазым иесі өзінің жобасын, бағыт-бағдарын ұсынып, егер көптің көңілінен шықса ғана сайланады. Осыл­айша халық өзі таңдау жасайды. Болашақта депутат, әкім, басқа да лауазым иелерінің жұмысы нашар болып, берекесіздікке бой алдырса, халық оны кері қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Еліміздегі жаңа бетбұрыс, әділет­ті Қазақстан құру бағытына ерекше назар аударып, Қазақстан Прези­ден­ті­нің реформасын қолдап, саяса­тына қы­зығушылық танытып отырған көр­ші­лес елдер бар. Саяси реформаны қолдап, референдумға дауыс беруге келген әрбір адам осыны білуі тиіс. Сондықтан, әрқайсымыз дайын­дық­пен келіп, жарқын болашақты қалыптастыруға белсенді болайық.

 

Саясат БЕЙІСБАЙ,

Философия, саясаттану және дінтану институтының бөлім жетекшісі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521