Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЗАҢНЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІН ТІЛЕЙМІН

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан көп балалы және аз қамтылған отбасыларға біраз қамқорлық жасалуда.

Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін жаңа заң жобасы әзірленген. Басты бағыт – еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету. Яғни, келер жылдан бастап еліміздегі көп балалы отбасылардың табысы есептелмей-ақ, жәрдемақы берілетін болады.

Жаңа заң жобасында мемлекеттік жәрдемақының мөлшері үйдегі бала санына қарай берілмек. Әр балаға орташа есеппен 10-11 мың теңге көлемінде келеді. Сонда бір үйде 4 бала болса 42 500 теңге, 5 балаға 53 125 теңге, 6 балаға 63 750 теңге беріледі. Бұл біз сияқты көп балалы аналарға көп көмек болары сөзсіз. Осынау жағымды жаңалықты естігеннен кейін атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыруға барлық ана ниеттеніп отыр деген ойдамын. Сондықтан, жаңа Заң қолданысқа еніп, баршамызды қуантса екен деген тілегім бар.

Перизат ҚОЙБАҚОВА,

көп балалы ана

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521