Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҮЛКЕН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ БАСТАЙТЫН ЖОБА

Биылғы жылы «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаев Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын құруды тапсырған болатын.

Онда Елбасы Н.Назарбаев:

- «Ең алдымен Үкімет әкімдер мен мәслиxаттармен бірлесе отырып, болашағы бар ауылдарды іріктеп алуы тиіс. Сол жерде әлеуметтік саланы дамытып, интернаттар салу қажет. Ауылдарды тұрақты даму ошақтарына айналдыруымыз керек. Ондай ауылдарда баспана мен жолдарды салып, шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Ал, болашағы жоқ елдімекендердің тұрғындары сол ауылдарға көшуге тырысады. Ауылда ақша тауып, лайықты өмір сүруге болады. Осыған байланысты Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» деген арнайы жобаны іске асыруға қатысты ұсыныстарды әзірлеуді тапсырамын. 2019-2021 жылдары оған 90 миллиард теңге бөлу керек. Соның арқасында жастарды ауылда ұстап қалуға мүмкіндік бар», - деді.

auyl2

Жалпы, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы 1 500 перспективалық ауылды қамтитын болады. Олардың тізбесі жасалды. Ауылдың болашағы xалықтың тығыздығына, орналасқан жеріне, даму әлеуетіне және басқа да көрсеткіштерге қарай айқындалады. Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен оған үш жылда 90 миллиард теңге бөлінеді. Бұл жобаның басым бағыттарының бірі – перспективті ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарының жағдайын жақсарту болып табылады. Аудан бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына Миялы, Сағыз, Мұқыр, Жасқайрат, Қоныстану ауылдары кіріп отыр.

auyyl3

Аталмыш ауылдарды көркейтуге 5 299 655,6 мың теңгенің 26 жобасы ұсынылды. Негізінен аталмыш жоба арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (сумен жабдықтау, кәріз обектілері, газ жылу, электрмен жабдықтау жүйелері), әлеуметтік-мәдениет обьектілері (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт нысандары), инженерлік-көліктік инфрақұрылымы (кентішілік, ауылішілік және кірме жолдар) күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары қаржыландырылады. Бұл шалғайдағы ауылдардың дамуына даңғыл жол ашады. Аталған бастама жүзеге асырылса, ауылдың әлеуметтік ортасы жаңғырып, өңірлердегі еңбекке қатысты жұмыстары алға ілгерілейді. Осы бағдарлама аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдар қарқынды дамуы тиіс. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.

Гүлназым САБЕКЕНОВА,

аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521