Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРҒАН ДҰРЫС

Өткен аптаның бейсенбісі күні аудандық сотта бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен сот жүйесіндегі заңнаманы реформалау негіздерін, жан-жақты талқылау барысында жиналыс өтті.

sot2

Алдымен сөз алған аудандық соттың төрағасы Айтжан Досмағанбетова:

- Мемлекет басшысы аталмыш Жолдауында «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы. Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет. Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие. Дегенмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет, - деді.

Бұл орайда, аудандық сотта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқаны анық. Азаматтардың теңсіздігін болдырмау мақсатында, дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізіліп, қабылданған сот актісін түсіндіру жолға қойылды. Мемлекет басшысы атап өткендей, жыныстық, зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қайтайтуы дұрыс бастама. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек дегені де құптарлық. Бұған қоса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қалпына келтіру де қажеттіліктен туындап отыр, - деді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521