Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Заң бұзушылықтар тіркелген жоқ

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Айдын елді мекенінде орналасқан №152 сайлау учаскесі таңертең ертемен сайлаушыларды қабылдады.

Аталған сайлау учасксіне тіркелген сайлаушылардың түскі сағат 14:00-ге дейін 63 пайызы дауыс берді. Сайлау учаскесінде медициналық қызметкер келушілердің дене қызуын өлшеп кіргізуде.

Санитарлық талап сақталған. Жалпы сайлау учаскесіне тәуелсіз бақылаушы ретінде жеті адам тіркелген. Тәуелсіз байқаушы Тұржан Рысбайдың айтуынша, өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеген.

- №152 сайлау учаскесі тәртіпке сай таңғы сағат 07:00-де өз есігін айқара ашты. Өзім сайлаудың әділ өтуіне көз жеткізгім келіп байқаушы ретінде тіркелдім. Әзірге сайлау заң аясында және әділ өтіп жатқандығын айтқым келеді,-дейді ол.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT