Ертемен 144 сайлау учаскесіне келдік.
Санитарлық талап қатаң сақталған. Әнұран ойналған соң сайлауды учаске төрағасы Берік Бейісов сөз сөйлеп, ашық деп жариялады. Ең алғашқы боп келген Жұмабек Әуелбаев ағамыз өз таңдауын жасап, дауыс берді.
-Жалпы өзім сайлаудан қалмай дауыс беремін. Себебі әр адамның дауысы маңызды. Мезгілінде кешікпей келіп, өз таңдауымды жасадым. Және келген бойда сыйлық ұсынып, жақсы қарсы алып жатыр, рахметімді айтамын. Сайлау сәтті өтсін,-деген жүрекжарды тілегін білдірді.
Учаске төрағасы Б.Бейісовтің айтуынша, келген әр тұрғынға сыйлық дайындап қойған. «Алғашқы дауыс беруші», «Белсенді сайлаушы», «Ең жас сайлаушы» т.б. сыйлықтары бар.
Кәмшат ӘБІШ