Аудандық сотта Төтенше жағдай бойынша алғашқы құқықбұзушы “А” жеке кәсіпкерге қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексі 476-бабының 6) тармағымен қозғалған әкімшілік іс қаралды.
Сот ісі “TrueConf” мобильдік қосымшасы арқылы онлайн режимінде қашықтықтан қаралды. Сотта анықталғандай, құқықбұзушы “А” жеке кәсіпкер, қоғамдық тамақтану орнында “Тапсырыс берушілерге жеткізу” қағидаты бойынша рұқсат берілген шектеуді сақтамай, сағат 20.00-ден кейін жұмыс жасап, Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген талаптарды орындамаған. Сот қаулысымен, заң талаптарын орындамаған жеке кәсіпкерге 26510 теңге айыппұл салынды. Әлбетте, басты мақсат - құқықбұзушылық жасаған тұлғаларды жауапкершілікке тарту емес, Төтенше жағдай белгіленген талаптарды қатаң сақтау екендігін ұмытпаған жөн.
Себебі, талап бәріне бірдей. Сол талапты сақтау баршаға ортақ міндет.
Өз тілшіміз