Жедел штаб жергілікті тұрғындарды сауда нысандарында дүрбелең туғызбауға шақырды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің карантин кезеңінде шектеу шараларын енгізу туралы № 31 қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 15 сәуірінен 1 мамырына дейін азық-түлік дүкендері мен базарлар қатаң белгіленген режимде жұмыс істейтін болады.
- Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал, азық-түлік базарлары 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, - деп түсіндірді Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.
Сурет: ашық дереккөзден