Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өз өзіңді дамытуға таптырмас мүмкіндік

Коронавирус дерті Қытай елінен бастау алып, бүкіл әлемге тарай бастағанда үлкен қалаларда оқып жатқан біз расымен де қорықтық, алаңдадық.

Ауылдан ата-аналарымыз да соғып, «Сұранып ауылға кел» деп жатты. Осындай қорқынышта жүргенде бізді ауылдарыңа барып, қашықтан оқисыңдар деп босатып жіберді. Әрине, бұл біз үшін ерекше қуаныш. Біріншіден, үлкен қалалардан ауылға келіп, аурудың жұғу мүмкіндігін төмендетсек, екіншіден ата-ана, бауырларымыздың қасындамыз.

Алайда, осы мүмкіндікті ауылға келіп қыдыру деп түсініп жүрген құрбы-құрдастарымыз жетерлік. Бос уақытында өз үйінде ата-анасына қызмет қылып, бауырларымен сырласып, бірге болудың орнына үйде тұрмайтын замандастарымызды түсіне алмай қойдым. Қазіргі таңда ауылға келген студенттердің ішінде ұлдар жағы далаға шығып, сірне, кәуап пісірсе, қыздар бір-бірінің үйіне барып шай ішіп, қыдырып жүр. Сол жастар әрбір жиналған сайын «Бүгін мынандай ауру тіркеліп, шет елде пәлен мың адам қайтыс болыпты» деп бір-біріне әңгіме айтады да, бірақ, өздері сақтанбайды. Менің ойымша бізге берілген бұл бос уақытты көшеге шығып, қыдыруға емес, өз-өзімізді дамытуға жұмсауымыз керек.

«Әр қиындықтың бір жақсылығы бар» дегендей бұл біздің кем-кетігімізді толтырып, қосымша білім алып, көркем әдебиет оқып, өз-өзімізді кемелдендіретін уақыт. Мысалы, мен өз басым осы сәтті пайдаланып, қосымша ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Сонымен қатар, өткенде интернеттен қарап отырып, түрлі торттар мен дәмді тағамдар пісіруді үйрендім. Бір-екі рет үйдегі ата-анам мен бауырларыма пісіріп беріп, оларды да қуантып тастадым. Мұның бәрін мақтан үшін емес, өзім сияқты студенттерге пайдалы ақпар болсын деп айтып отырмын.

Қорыта айтқанда, бос уақытымызды көшеге шығып, бос жүрумен емес, үйімізде отырып пайдалы істермен айналысу үшін өткізейік, замандастар!

Айжарқын БЕРІК,

студент

Сурет: ашық дерреккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521