Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялыдағы түнгі рейд

Өткен аптаның жұмасы күні түнгі мезгілде Миялы ауылдық округі әкімі аппараты, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, санитарлық қызмет мекемесі, жастар ресурстық орталығы мамандары мен Миялы ауылдық учаскелік полиция инспекторлары ауыл көшелерінде, қоғамдық тамақтандыру орындарында, азық-түлік дүкендерінде рейд жүргізді.

Мақсат – бүкіл әлемді шарпыған қауіпті дертке байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайлар кезінде енгізілген шаралар мен шектеулердің орындалуын тексеру. Бүгінде, Миялы ауылында 14 қоғамдық тамақтандыру орны жұмыс жасайды. Кешкі сағат 10.00 шамасында тексеру жүргізілгенде бұл тамақтандыру орындарының барлығы да жұмысын тоқтатып, жауып тастаған. Яғни, нысан қожайындары елдегі ахуалға түсіністікпен қарап, қауіпсіздіктерін ойлаған болса керек.

img_7187

Бұдан кейін түнгі мезгілде жұмыс жасап тұрған «Дидар» супермаркеті мен «Қанат», «Әнел» азық-түлік дүкендері тексерілді. Түнгі мезгіл болғасын ба, дүкенге келушілер сирек. Сатушылар бетперде тағып жұмыс жасауда. Сұрастырғанымызда олар дүкендерді уақытымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отырғандарын жеткізді. Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Ақтолқын Бижанова дүкен иелері мен сатушыларына еліміздегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минстрлігінің бірлесе бекітілген бұйрығымен таныстырды.

Бұйрықта «Қызметкерлерді жұмыс кезінде бір рет қолданылатын бетперделерді киюін қамтамасыз ету, нан, кондитерлік және өзге де өнімдерді тек оралған күйде сату, үш сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен едендерді жуып, үстелдер мен есік тұтқаларды сүртіп отыру, кемінде бір метр қашықтықты сақтай отырып бес адамнан артық кезектің түзілуіне жол бермеу, тұтынушыларда бетперде болмаған жағдайда мүмкіндігінше бетпердемен қамтамасыз ету» деп жазылған. Осы бағытта сөз қозғаған рейд мүшелері қабылданып отырған шаралардың өз қауіпсіздіктері үшін қажет екендіктерін тілге тиек етті . Рейд барысында көшеде топталып жүрген жастармен әңгімелесіп, қазіргі уақытта себепсіз көшеге шығуды шектеу қажеттігі, мүмкіндігінше өздерінің, отбасының қауіпсіздігі үшін үйде болғандары тиімді екендігі түсіндірілді. Мұндай шара алдағы уақытта да жалғасады.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521