Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық жиырма адамға айыппұл салынды

– Тыйым салынғанына қарамастан ауылда түрлі отбасылық (құдалық, қыз ұзату, келін түсіру) жиындарды ұйымдастыру азаяр емес.

Бұған дейін аудан бойынша үйлерінде той өткізген 18 адамға (Сағыз-11, Миялы-5, Мұқыр-1, Жангелдин-1), белгіленген шектеу уақытынан кейін жұмыс жасаған бір кәсіпкерлік нысан иесіне (230 АЕК) және бір жеке тұлғаға (30 АЕК) басқарма арқылы айыппұл салынды. Көпшілік жиналған жерде індеттің таралу мүмкіндігі көбейеді. Адам саулығы бірінші кезекте тұрғандықтан қауіпті індеттің беті қайтпай, мұндай отбасылық шаралар ұйымдастыру аса қауіпті. Бұлай жалғаса берсе аудандағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсетіні сөзсіз, - дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Шолпан Асауова.

Оның айтуынша, «Той жасап жатқан жалғыз мен бе? Басқаларын неге көрмейсіздер?» деп келетіндері де бар.

Алайда, аталмыш қаулыны толық таныстырып, түсіндіргеннен кейін қателіктерін мойындайды. Осындай немқұрайлылықтың салдарынан бүгінгі күні аудан бойынша бес адамнан коронавирус індеті анықталды. Олардың екеуі мектеп жасындағы балалар екенін ескерсек, бейқамдыққа салынбай сақтық шараларын күшейту қажет.

Б.ОҚАС

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521