Кеше кешкісін Жангелдин ауылының шыға берісінде үлкен жол апаты болды.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша Жангелдин ауылынан шыққан "Патриот" көлігі басты жолға шығып кетіп, Көздіғара ауылынан келе жатқан "Гранта" көлігіне соғып, нәтижесінде екі адам сол жерде қаза болған.
Бұл туралы ресми органдар әлі жауап қата қойған жоқ. Десе де, жол апатының болғаны, екі адамның қайтқаны белгілі. Бұл расымен де өте қайғылы жағдай.
Осы орайда, барша көлік жүргізушілерін жолда абай болуға шақырамыз.
Д.БЕРІК
Сурет: ашық дереккөзден