Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық жастардың жарқын ісі

Қазіргі таңда өз бастарын қатерге тігіп, адам жанын арашалау үшін бірнеше ай бойы күні-түні қауіпті індетпен күресіп жүрген жандардың бірі – дәрігерлер екені даусыз.

Оларды «бүгінгі күннің батырлары» десек те болады. Қауіпті індетпен күресте тынбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне халықтың алғысын жеткізіп, қолдау білдіру мақсатында облыстық «Жас Отан» жастар қанаты «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында ерікті жастармен бірлесе отырып, облыс бойынша 500-ден астам дәрігерлерге иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған себеттерді дайындаған болатын. Осыған орай, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жас Отан» жастар қанаты және «Қызылқоға еріктілер» штабы COVID-19 дертіне шалдыққан науқастарды емдеуге атсалысып жүрген аудандық орталық аурухана дәрігерлеріне «Дәрігерлерге мың алғыс» тәтті тағамдардан жасақталған себет табыс етті. Тәттілер толы себет аудандағы қырықтан астам медицина қызметкерлерінің көңілдеріне қуаныш сыйлады.

– Қиын қыстау кезеңде бірлігімізді сақтау, бір-бірімізге жанашыр болу қажет-ақ. Ал, бұл әлемді жайлаған індетпен күресте дәрігерлердің еңбегі зор. Бүкіл халықтың атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Індеттің таралуын азайту, жою үшін қарапайым қағидаларды сақтап халық болып күресуіміз керек. Сондай-ақ, ақтық шараларын естен шығармау өзінің және өзгенің өміріне жауапты болу деп түсінемін, - дейді аудандық «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы Нұрбол Бижанов.

Дәрігерлер қиын күнде қолдау білдірген жастарға ізгі тілектерін, шынайы алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521