Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада "шаруагерден-дәрігерге" акциясы ұйымдастырылуда

Аудан бойынша коронавирус індетіне қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлері мен ауырып жатырған жандарды сонымен қатар үйінде оқшауланған аз қамтылған отбасыларын жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде аудан шаруагерлерінің үлесі зор.

Олар қой еті, шұбат, қымыз өнімдерін дәрігерлер мен науқас жандарға таратып, бір аптада 105 литр сүт өнімі мен 70 кг қой етін ұсынды. Қайырымдылық шарасына «Назгүлім», «Қайдар», «Құрман», «Думан», «Жко» шаруа қожалық иелері мен «Бірлік-Миялы» кооперативінің иесі Айжан Ізімовалар атсалысты.

– Қайырымдылық шарасы өткен айдан бастап қолға алынған болатын. Мұнда шаруагерлер өздері өндіретін, қымыз, шұбат, сүт өнімдерімен қоса етпен қамтамасыз етіп отыр. Шаруашылық иелерінің қамқорлығы қиын кезеңде елдің ауызбіршілігін нығайтып, бір-біріне демеу болуы көңілге қуаныш ұялатады. Жомарт жандардың демеушілігімен шара алдағы уақытта да жалғасын таба береді, - деді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Зинеш Сарбуфеева.

Расында, осындай сын сағатта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білу елдігіміздің айқын көрінісі. Әрдайым, жақынымызға жанашыр бола білейік.

Г.МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521