Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық Нартайдың саумалы...

Наурыз айында Қызылқоға ауылдық округіне қарасты «Нартай» шаруа қожалығының иесі Амандық Сағынғалиев саумал өнімін саттыққа шығара бастады.

Бастапқыда ауыл тұрғындарының сұранысына сай жұмыс бастаған шаруашылық иесі қазіргі таңда жұмыс ауқымын кеңейткен.

2006 жылы құрылған қожалық иелігінде 150 жылқы, 150 ірі қара, 10 түйе малы бар. Қазіргі таңда сегіз бас бие байлап, сауып, күніне 15-20 литр саумал аламыз. 1 литр саумал 1000 теңге. Халықтан сұраныс көп. Оның себебі – емдік қасиетінде. Тұтынушылар оны енді ұғып жатқандай. Бие саууға екі адамды жұмысқа алдық. Бұл жұмыстың да өзіне тән қиындығы бар. Жаңа сауған сусынға ерекше бап керек. Сол сияқты қымызды да сұраушылар көп, – дейді шаруашылық мүшесі Нартай Амандықұлы.

Иә, бүгінде халық өз денсаулығына күтім жасап, табиғи өнім тұтына бастады. Бұның дәлелі ауырып ем ізгенше, ауырмайтын жол іздеген ауыл тұрғындарының табиғи өнімге деген сұранысынан аңғаруға болады.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521