5 қараша күні Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың бесеуі – Атырау қаласынан, біреуі Теңіз кенішінен және Қызылқоға ауданынан, тағы екі адам Құрманғазы ауданынан тіркелген. Коронавирус жұқпасымен науқастанған үш адамда ауру симптомды, алтауында симптомсыз түрде өтуде. Ал, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен амбулаториялық жағдайда емделіп жатқан 15 адам жазылып шықты.
Қазіргі уақытта 88 адам үй жағдайында емделуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 29 науқас, ал Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 14 адам ем қабылдауда.
Сурет: ашық дереккөзден